АВТОР ТУРАЛЫ
НҰРЖАН МҰХТАРҰЛЫ
Кәсіби және академиялық тәжірибе
AI-методолог. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. 2014 жылы Ұлыбританиядағы Рединг университетінің Pre-sessional Academic English курсын тәмамдаған. 2015 жылы Лидс университетінде Academic English for Postgraduate Studies курсын аяқтаған. 2016 жылы Суррей университетінде «Халықаралық туризм менеджменті» мамандығы бойынша ғылым магистрі (MSc) дәрежесін иеленген. 2016 жылдан бері Нархоз университеті, UİB және IUTH секілді жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу және аға оқытушылық қызмет атқарған. Alanya Alaaddin Keykubat University университетінің PhD докторанты. 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының «Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» атты екінші Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының финалист-жеңімпазы. Scopus және КОКСОН журналдарындағы бірнеше мақаланың, туризм саласына қатысты монографиялардың авторы. 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсында әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша 70 млн теңге грант иегері.